Арынтаева Нурила Есимжанкызы, 1988 жылы туған, 2012 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетін "Емдеу ісі" факультетін "Хирургия" мамандығы бойынша бітірген. 2012- 2013 жылдар аралығында "Хирургия" мамандығы бойынша интернатурада оқыды. Интернатураны аяқтағаннан кейін Нурила "Болашақ" Президенттік стипендиялық бағдарламасының иегері атанды. 2015-2017 жылдар аралығында Майами университетінде, Миллер Медицина мектебінде "Қоғамдық Денсаулық Сақтау, Эпидемиология" бағдарламасында оқыды. "Сүт безі қатерлі ісігінің қаупі бар иммундық жасушаларды профильдеу" тақырыбында тезис жұмысын үздік қорғап, "Қоғамдық Денсаулық Сақтау Саласындағы Ғылым Магистрі" академиялық дәрежесін алды. 2017 жылы Израильде, Израиль Министрлігінің Эпидемиология департаментінде тағылымдамадан өтті. 2022-2023 жылдары Бұхара, Өзбекстан және Гарньяно, Италиядағы Erasmus plus Harmonee Project жазғы мектебінде трейнингтер мен модульдер дайындады. Еңбек жолын 2013 жылдан бастап ҚазҰМУ, Б. Атчабарова атындағы Іргелі және Қолданбалы Медицина ҒЗИ-да аға ғылыми қызметкер болып бастады. 2018 жылдың тамыз айынан бастап "Биостатистика және Ғылыми Зерттеу Негіздері" және "АИТВ инфекциясы курсымен Эпидемиология" кафедраларында оқытушы лауазымында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Әл-Фараби Университетінің "Клиникалық Пәндер" кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады. Арынтаева Н.Е. қазақ, ағылшын (TOEFL - 86) және орыс тілдерін еркін меңгерген. Windows, MS Office, Excel, Internet, SAS, SPSS статистикалық бағдарламаларының еркін пайдаланушысы болып табылады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.Асфендияров атынд.ҚазҰМУ
Жоғары
2013
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0